1984 жылы 22-желтоқсанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келдім. М.Әуезов атындағы орта мектепті үздік аяқтап, мектептің қоғамдық шарасына белсене қатыстым. 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің лингвистика мамандығына оқуға түстім. Студент бола тұра көптеген конференцияларға қатыстым, белсене студенттік өмірге ат салыстым. 2006 жылы оқуды аяқтап, аталған мамандықтың магистратура бөліміне түстім. Профессор Э.Д. Сулейменованың жетекшілігімен "Тілдік санадағы қазақ тілі және орыс тілі стереотиптері" атты тақырыпта магистрлік диссертацияны сәтті қорғап шықтым. 2008 жылы "Лингвистика, психолингвистика және билингвистика" мамандығына докторантураға түстім. Оқу барысында 2 рет Мэриленд (АҚШ, Вашингтон 2009, 2011) университетінде ғылыми тағылымдамадан өттім. Бірнеше ғылыми мақалаларым жарық көрді. 2010 жылы МГЛУ-да (Мәскеу, Ресей) тәжірибеден өттім. 2011 жылы "Тестирование на казахском языке по субтесту чтения. Теория - практика - апробация" атты тақырыпта докторлық диссертацияны сәтті қорғап шықтым. 2011 жылдан кафедрада оқытушылық қызмет атқарып келемін.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2006

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
11.05.2012
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0